Франция парламенті 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салды

Франция парламенті 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салатын заң жобасын қабылдауға дауыс берді, деп Sayasatlive.kz Le Figaro-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Сенатта бастаманы 243 адам қолдап, екеуі қарсы болған. Ұлттық жиналыста заң жобасын 279 депутат қолдап, 81-і келіспеген. Заң әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың жасын тексеруді міндеттейді. Мәтінде жасты тексеру тәсілдері нақтыланбаған. Сондай-ақ, бастама мектеп оқушыларына білім беру мекемелерінде телефон пайдалануға тыйым салуды көздейді. Заңның қыркүйек айында оқу жылының басталуымен күшіне енуі күтілуде.

Маусым айында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Кир Стармер Біріккен Корольдік үкіметі 16 жасқа толмаған азаматтарға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отырғанын айтты. Ол заңның 2026 жылдың соңына дейін қабылдануы мүмкін екенін атап өтті. Оның 2027 жылдың көктеміне қарай күшіне енуі күтілуде. Чехияда мектептерде ұялы телефондарға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Ұқсас ақпараттар