G20 басқосуы 2027 жылы Манчестерде өтеді

2027 жылға жоспарланған G20 басқосуы Ұлыбританияның солтүстік-батысындағы Манчестер қаласында өтеді, деп Sayasatlive.kz Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Келесі жылы G20-ға Лондон төрағалық етеді. 20 шілдеде Кир Стармер Ұлыбритания премьер-министрі қызметіндегі жұмысын аяқтағанын мәлімдеді. Сол күні Манчестер қаласының бұрынғы мэрі Энди Бернем қызметіне кірісті. Король Карл III оған үкімет құруға мандат берді.

Біріккен Корольдіктің жаңа министрлер кабинетінің басшысы журналистерге бірінші кезекте Америка Құрама Штаттарының президентімен және украин лидері Владимир Зеленскиймен сөйлесетінін айтты. Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Энди Бернем болды.

Ұқсас ақпараттар