Қарағанды облысында Балқаш көлінің жағалауында қатты жел салдарынан жағадан ұзап кеткен қызды ТЖМ қызметкерлері дер кезінде құтқарып қалды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға Торанғалық ауылында болған. Құтқарушылар патруль кезінде үрлемелі матраспен желге ілесіп кеткен 2009 жылы туған жасөспірімді байқап, арнайы қайықпен дереу жағаға алып шыққан.
Қызға медициналық көмек қажет болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі жағажай маусымында судағы қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін ескертеді.