Samsung Electronics Нью-Джерсиден Техасқа штаб-пәтерін ауыстыру аясында АҚШ-тағы тұтыну электроникасы бөлімшесінде кадрлық өзгерістер жүргізуде, деп ю Sayasatlive.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жүздеген қызметкер қысқартулар мен қайта құрылымдауға ұшырады, бұл ретте олардың көпшілігіне көшу ұсынылды, алайда қызметкерлердің бір бөлігі жұмысынан айырылды.
Reuters деректері бойынша, өзгерістер Samsung Electronics America (SEA) бөлімшесіндегі 739 лауазымға әсер етті, ол смартфондарға, телевизорларға, тұрмыстық техникаға және басқа да тұтыну электроникасына жауап береді. Компания кадрлық ауыс-түйістер штаб-пәтерді Техасқа ауыстырумен байланысты екенін нақтылады.
Қызметкерлердің көпшілігіне көшіру туралы ұсыныстар жасалды, алайда кейбіреулері жұмыстан босатылды. Қосымша, агенттік дереккөздерінің ақпараты бойынша, Техас штатының Плано қаласындағы Samsung кеңсесінің 100-ге жуық қызметкері, оның ішінде мобильді бөлімшенің қызметкерлері де қысқартылды. Компания бұл деректерге ресми түсініктеме берген жоқ. Бұл шешім Нью-Джерсидегі қызметкерлер үшін күтпеген жағдай болды: бір жылдан аз уақыт бұрын SEA Энглвуд-Клифсте жаңа кеңсе ашқан еді. Жергілікті билік деректері бойынша, бөлімшеде 1,2 мыңға жуық адам жұмыс істеген.
Samsung штаб-пәтерді ауыстыру, егер қызметкерлер көшуге дайын болмаса, персонал құрылымының өзгеруіне әкелуі мүмкін екенін, сондай-ақ компанияның жекелеген функцияларын ағымдағы бизнес-басымдықтарға сәйкес оңтайландыруға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Кадрлық ауыс-түйістер оңтүстіккореялық алпауыттың ішіндегі өзгерістерді көрсетеді. Жартылай өткізгіштер өндіру бөлімшесі жасанды интеллект чиптеріне деген жоғары сұранымның арқасында рекордтық өсім көрсетіп жатқанда, тұтыну электроникасы бизнесі компоненттердің қымбаттауы мен бәсекелестіктің күшеюіне байланысты қысым көруде.
Сарапшылар Samsung-тың мобильді бөлімшесі алғаш рет зиян тіркеуі мүмкін деп болжайды. Смартфондар нарығында компания Apple-мен бәсекелесуді жалғастыруда, ал телевизорлар мен тұрмыстық техника сегментінде қытайлық өндірушілер тарапынан күшейіп келе жатқан қысымға тап болып отыр. Қызметкерлердің айтуынша, компанияда қазіргі қайта құрылымдау тұтыну электроникасы бөлімшелерін ауқымды біріктірудің бірінші кезеңі ғана болуы мүмкін деген қауіп сақталуда.
Алайда, Samsung бұл бизнесті жаһандық қайта құрылымдау осы шақта жүргізілмейтінін хабарлады. Компанияда атап өткендей, штаб-пәтерді ауыстыру командалардың өзара әсерін күшейтіп, оларды Техастың дамып келе жатқан технологиялық және ЖИ-экожүйесіне жақындатуы тиіс. Штат қазірдің өзінде АҚШ-тағы Samsung-тың негізгі орталықтарының бірі, онда чип өндіретін кәсіпорындар мен мобильді бөлімше орналасқан. Бұған дейін жасанды интеллект бумының арқасында рекордтық пайда болжамына қарамастан, оңтүстіккореялық Samsung Electronics акцияларының жаппай сатылымына тап болғаны хабарланған болатын.

