Қызылорда облысында 3 тарихи вокзал жаңғыртудан кейін қайта ашылды

Қызылорда облысында Қазалы, Жаңақорған және Шиелі теміржол вокзалдары күрделі жаңғыртудан кейін қайта пайдалануға берілді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, ғасырлық тарихы бар вокзал ғимараттары заманауи талаптарға сай жаңартылып, толықтай қайта жабдықталған.

1903 жылы салынған Қазалы вокзалының ауданы 1 мың шаршы метрден асады. Станция арқылы тәулігіне 24 жолаушылар пойызы өтеді.

1976 жылы салынған үш қабатты Жаңақорған вокзалының ауданы 922,3 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Станция арқылы тәулігіне 30 пойыз қатынайды.

1904 жылы салынған Шиелі вокзалы да толықтай жаңартылды. Ғимараттың ауданы 636,4 шаршы метрді құрайды. Станция арқылы тәулігіне 26 пойыз жүреді.

Ұқсас ақпараттар