Қырғызстан үкіметі Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерге мұнай мен мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол арқылы шығаруға тыйым салды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Биліктің мәліметінше, шектеу ішкі нарық толық қамтамасыз етілгенге дейін немесе ЕАЭО-ның ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарығы құрылғанға дейін күшінде болады.
Сонымен қатар Қырғызстан 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін Қытайдан бензин таситын автоцистерналар арқылы мұнай өнімдерін импорттауға қойылған бұрынғы шектеуді уақытша тоқтатты. Бұл ішкі нарықты тұрақты отынмен қамтамасыз етуге бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай шешімді Қазақстан да қабылдап, ЕАЭО елдеріне мұнай өнімдерін экспорттауға шектеу енгізген еді.

