Құрылтай депутаттығына үміткерлерді ұсыну аяқталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясына жеті саяси партиядан барлығы 546 кандидаттың құжаттары тапсырылған.

«Ақ жол» демократиялық партиясы — 63 кандидат;

«Ауыл» партиясы — 69 кандидат;

«Әділет» саяси партиясы — 186 кандидат;

«Байтақ» жасылдар партиясы — 47 кандидат;

Қазақстан халық партиясы — 72 кандидат;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы — 33 кандидат;

Respublica партиясы — 76 кандидат.

«Барлық партия ұсынған құжаттар кандидаттардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді», — делінген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісовтің мәлімдемесінде.