Қазақстанның солтүстігінде ұзаққа созылған аптап ыстықтан кейін күн салқындайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Өңірге солтүстік-батыс циклоны келіп, өзімен бірге күн күркіреп, жаңбыр әкеледі деп күтілуде.
«15-16 шілдеде жекелеген аудандарда күшті жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, сондай-ақ дауылды жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді: күндіз қолайлы 25-30 градус жылы болады деп болжануда», – делінген синоптиктердің мәлімдемесінде.
Еліміздің оңтүстігі мен шығысында негізінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Бұл аймақтарға Өзбекстаннан құрғақ ауа массалары келуін жалғастырмақ.
Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз оңтүстікте ауа температурасы 40-45 градусқа дейін көтерілсе, шығыста аптап ыстық 33-38 градус деңгейінде болады.


