Ерлан Қарин Құрылтай депутаттығына кандидаттар туралы сөз қозғады

Ерлан Қарин Құрылтай депутаттығына кандидаттар туралы айтты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары «Әділет» сайлауға түсетін 7 партияның ішінде ең көп кандидат ұсынғанын атап өтті. Тізімге 186 адам енген.

«Бір ерекшелігі, бұрынғы жылдармен салыстырғанда тізімде әйелдер мен жастардың саны айтарлықтай көп. Мәселен, партиялық тізімге енгендердің 71-і – әйел. Ал жастардың үлесі – 26», — деп жазды ол желідегі парақшасында.

Президенттік жастар кадр резервінің өзінен 15 өкіл қосылған. Партиялық тізімде барлық өңірдің және түрлі саланың өкілдері тегіс қамтылған. Кандидаттардың қатарына бұрынғы Ұлттық құрылтайдың 31 мүшесі енген.

Ұқсас ақпараттар