АҚШ Ираннан кемелерді атқылап, «қателікке жол бергенін» мойындауды талап етті

АҚШ Ираннан Ормуз бұғазында азаматтық кемелерге оқ ату арқылы өзара түсіністік меморандумының шарттарын бұзғанын жария түрде мойындауды талап етті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Соның салдарынан АҚШ осы аптада Иранның нысандарына шабуыл жасап, президент Дональд Трамп атысты тоқтату режимі тоқтатылғанын мәлімдеген еді. Бұл жөнінде АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғасына сүйенген CBS хабарлады.

Телеарнаның дерегінше, Иранның ресми тұлғалары кемелерді атқылап, «қателікке жол бергенін» мойындаған.

Иран ресми түрде мұны мойындамады. Тегеран керісінше АҚШ-ты «меморандум шарттарын бұзды» деп айыптады. Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иранға жаңа санкция жариялаған АҚШ қаржы министрлігі меморандум шарттарын бұзды деп жазды.

10 шілдеде АҚШ Иранның жоғарғы көсемі Мұжтаба Хаменеидің жаһандық қаржы желісін басқарды деген күдікке ілінген ирандық кәсіпкерге қарсы санкция салған еді. Мәселе Дубайда тұратын кәсіпкер Әли Ансар жөнінде болып отыр.

АҚШ қаржы министрлігі мен АҚШ мемлекеттік департаментінің дерегінше, Ансар Германия, Ұлыбритания, Испания, Кипр, БАӘ және басқа да юрисдикцияларды қамтитын жаһандық активтер портфолиосын құрған. АҚШ шенеуніктерінің тұжырымдауынша, Иранның басқарушы элитасы мен Ислам революциясы сақшылар корпусының (IRGC) мүшелері желіні қаржы құралы ретінде қолданған. Иранның үш валюта айырбастау компаниясы да санкцияға ұшырады. Бұл маусымның ортасында соғысты тоқтатуды көздейтін меморандумға қол қойылғаннан бері Иранға салынған алғашқы санкция.

Ұқсас ақпараттар