Жезқазғанда «Ан-12» ұшағы оқыс жағдайға ұшырады

Жезқазғанда «Ан-12» ұшағы оқыс жағдайға тап болды. Ақпаратты «Жезқазған Эйр» әкімшілігі растады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Компания мәліметінше, 10 шілдеде Жезқазған әуежайының аумағында «Ан-12» әуе кемесінің қатысуымен авиациялық оқиға болды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

«Қазіргі уақытта әуежай аумағында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты жекелеген әуе тасымалдаушылары рейстер кестесіне өзгерістер енгізуі мүмкін», — делінген мәлімдемеде.

Жағдай бақылауда, әуежай барлық уәкілетті қызметтермен байланыста.

Ұқсас ақпараттар