Астанада 29 шілде күні «Болашақ ойындары-2026» халықаралық фиджитал-турнирі басталады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Жарыс Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасының 35 елінен мыңға жуық спортшының басын біріктіреді.
Турнирдің жалпы жүлде қоры $4 млн-нан асады.
Қазақстан атынан турнирдегі барлық 8 сайыс бойынша 11 команда өнер көрсетеді.
Іс-шараға 10 мың шетелдік турист келеді деп күтіледі.
«Болашақ ойындары-2026» – дәстүрлі спорт пен цифрлық сайыстарды біріктіретін жаңа буынның фиджитал-турнирі.


