«Қазгидромет» 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс аймақтарда бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Сонымен қатар шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Кейбір өңірде ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы ел аумағының басым бөлігінде +33…+40°С, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыс өңірлерде +38…+45°С-қа дейін көтеріледі. Кей жерлерде қатты және өте қатты ыстық болады.

