Бахрейн мен Кувейтте әуе дабылы жарияланып, Бахрейннің солтүстігінде бірнеше жарылыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Кувейттің Сыртқы істер министрлігі Иранның шабуылдарын айыптап, олардың Таяу Шығыстағы шиеленісті төмендетуге бағытталған әрекеттерге «жүйелі түрде нұқсан келтіріп отырғанын» мәлімдеді.
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) шабуылдарға жауапкершілікті өз мойнына алды. Иран тарапының мәліметінше, соққылар Иран аумағына жасалған шабуылдарға жауап ретінде Бахрейн мен Кувейттегі АҚШ әскери нысандарына бағытталған.
АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның әуе қорғаныс жүйелері мен басқа да әскери нысандарына, сондай-ақ КСИР-дің 60-тан астам катеріне соққы жасағанын хабарлады. Вашингтон бұл әрекетті Иранның Ормуз бұғазындағы танкерлерге жасаған шабуылдарына жауап деп түсіндірді.
АҚШ пен Иран бір-бірін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптап отыр. Сонымен қатар АҚШ Иран мұнайын сатуға қайтадан тыйым салды.


