АҚШ Иранға қайта соққы жасады

АҚШ Иранның солтүстік-шығысындағы теміржол көпіріне әуеден соққы жасады. Бұл туралы Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

АҚШ әскері түнде Ормуз бұғазындағы сауда кемелеріне Иран тарапынан жасалды делінген шабуылдарға жауап ретінде кезекті рет әуе соққыларын жасады. Шабуылдардың негізінен елдің оңтүстігі мен жағалаудағы өңірлерге бағытталған.

Иран атаковал американские базы на Ближнем Востоке: базу пятого флота ВМС США (главный центр присутствия американских ВМС в регионе) и авиабазу Шейх-Иса в Бахрейне,

Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың бірнеше әскери нысанына соққы берді. Олардың қатарында Бахрейндегі АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші флотының базасы (өңірдегі америкалық әскери-теңіз күштерінің негізгі тірек орталығы), Шейх-Иса әскери әуе базасы,

сондай-ақ АҚШ Орталық қолбасшылығының штабтары орналасқан Кувейттегі Кэмп-Арифджан әскери лагері мен Әли Әл-Салем әуе базасы бар.

Бұған дейін Иран АҚШ-тың алдыңғы шабуылы салдарынан сегіз әскери қызметкерінен айырылғанын хабарлаған еді.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айына арналған фьючерстері барреліне $79 деңгейінде саудаланып жатыр.

АҚШ-тың шабуыл бағыттары көрсетілген картаны ИРСК жариялады. Қызғылт түспен расталған нысандар белгіленсе, сұрақ белгісі қойылған орындар әзірге ресми түрде нақтыланбаған.

Ұқсас ақпараттар