Қытайлық автокөлік өндірушілер мамыр айында Еуропалық одақ нарығындағы сатылым көлемі бойынша жапондық бәсекелестерін алғаш рет басып озды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Nikkei басылымының жергілікті статистикаға сүйенген мәліметінше, Қытайда шығарылған көліктердің ЕО нарығындағы үлесі 12%-ға жетсе, жапон автокөліктерінің үлесі 11%-ды құрады.
Үшінші орында 8% көрсеткішпен Оңтүстік Корея автокөліктері тұр. Нарықтың қалған бөлігі Еуропалық одақ елдерінің автокөлік өндірушілеріне тиесілі.
Қытайлық брендтер арасында BYD көш бастап тұр. Компания қаңтар-маусым аралығында Қытайдан тыс нарықтардағы сатылымын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-ға арттырды.


