Жаңа құқықтық жүйеге сәйкес Тоқаев екінші рет сайлауға түсе алады

Конституциялық сот президенттің сайлауға қатысуға қатысты Конституцияның кейбір баптары мен тармақтарына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін қарады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Соттың түсіндіруінше, 1995 жылғы Конституцияға сәйкес аталған конституциялық нормаларда көрсетілген лауазымдарды атқарып отырған тұлғалар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға сайлана немесе тағайындала алады.

Сонымен қатар, Конституциялық сот бұл конституциялық нормаларда көзделген шектеулерді қолдану мақсатында мұндай тұлғалардың 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға сайлануы немесе тағайындалуы олардың осы қызметке алғаш рет сайлануы немесе тағайындалуы ретінде қарастырылатынын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар