Қытай Тынық мұхитында құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынады

Қытай Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде алыс қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыранға сынақ жүргізді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Xinhua агенттігінің мәліметінше, зымыран ядролық сүңгуір қайықтан ұшырылған. Сынақ кезінде нақты ядролық оқтұмсық емес, оның макеті қолданылған.

Бейжің бұл жоспарлы әскери сынақ болғанын, оның халықаралық құқыққа толық сәйкес келетінін және ешбір елге қарсы бағытталмағанын мәлімдеді.

Алайда сынақ Австралия мен Жаңа Зеландияның алаңдаушылығын туғызды.

Австралияның сыртқы істер министрі Пенни Вонг мұндай қадам аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіретінін айтты. Ал премьер-министрдің орынбасары Ричард Марлз мұндай сынақтар Тынық мұхитындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретінін мәлімдеді.

Жаңа Зеландия билігі де зымыранның ядролық қарудан азат аймақ саналатын Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіне ұшырылғанына алаңдаушылық білдірді.

Сонымен қатар Қытай сынақ өткізер алдында Аустралия мен Жаңа Зеландияны алдын ала хабардар еткен.

Ұқсас ақпараттар