Ұлттық статистика бюросы Астана жайында қызықты деректерді ұсынды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Халық саны – 1 674 699 адам (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша). Әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел, 790 670 ер адам;
Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады;
2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келді;
2026 жылдың алғашқы 5 айында елордада 3 469-дан астам неке тіркелді;
2025 жылғы қартаю индексі – 22,9 (100 балаға шаққандағы 65 жастан асқан қарттардың саны), тұрғындардың орташа жасы – 30,9 жас (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша), күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жас (2025 жылғы көрсеткіш);
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша);
Құрылыс саласындағы компаниялар саны – 18,5 мың (Қазақстан бойынша 1-орын);
Елордада 576 мың пәтер бар (2025 жыл);
Қоғамдық тамақтану нысандарының саны – 6 819;
Қалада 31 театр, 5 музей және 35 кітапхана жұмыс істейді. Сондай-ақ 24 саябақ бар;
Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй бар. 2026 жылдың І тоқсанында қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік турист орналасты.


