Мемлекет басшысы елорданы егемен Қазақстанның жүрегі әрі Тәуелсіздіктің символы деп атады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
“Астана – жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары. Халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды шешімдер осы қалада қабылданады», – деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, бүгінде Астана «ақылды қала» мәртебесіне ие болып, заманауи басқару жүйелері енгізілген.
Тоқаев сондай-ақ Астана күні қарсаңында Халық Конституциясының заңды күшіне енгенін атап өтті.


