Қазақстанда жаңа гроссмейстер пайда болды. 17 жастағы Алдияр Аңсат ресми түрде ел шахматы тарихына еніп, Қазақстандағы ең жоғары шахматтық атақ иегерлері қатарында 22-ші болып қосылды, , деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл жетістіктің ерекше тұсы — ол оны кәмелет жасына толуына санаулы апта қалғанда орындады. 15 шілдеде Алдияр 18 жасқа толады.
Алдияр Аңсатқа гроссмейстер атағы де-юре 2025 жылғы 22 наурызда берілген. Мұндай шешімді FIDE президенттік кеңесі қабылдаған. Алайда бұл атақты толық растау үшін тағы бір маңызды талапты орындау қажет болды — халықаралық рейтингте 2500 ұпайға жету.
Бұл межеге қазақстандық шахматшы 2026 жылдың маусым айында жетіп, нәтижесінде гроссмейстер мәртебесі ресми түрде бекітілді.
Алдияр Аңсат Қазақстан тарихындағы 22-гроссмейстер атанды. Бұл — әлемдік шахматтағы ең беделді атақтардың бірі. Гроссмейстер дәрежесі тек халықаралық нормативтерді орындап, тұрақты жоғары нәтиже көрсеткен ойыншыларға ғана беріледі.


