Президент Қазақстан халқын Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады

Президент домбыра ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі және ұрпақтар сабақтастығының символы екеніне ерекше назар аударды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Домбыра арқылы ғасырлар бойы халықтың рухани құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа беріліп келді, ал ұлттық аспаптан төгілген әуен қоғамның бірлігін қуанышты уақытта да, қиын кезеңде де нығайта түсері анық.

«Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра.

Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді.

Мемлекет басшысы дәстүрлі домбырашыларға, оқытушыларға және елімізде және одан тыс жерлерде ұлттық өнерді дамытып, дәріптеп жүрген барлық адамдарға алғыс айтты.

Ұқсас ақпараттар