Кездесу барысында тараптар санкциялық саясатты, Иранның бұғатталған активтерін және Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді талқылайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Дегенмен соңғы кезде тараптар арасындағы келіссөздер үдерісі тұрақсыз қалып отыр. Бұған дейін АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, атысты тоқтату, соның ішінде Ливандағы шиеленісті азайту жөнінде келісімге келген болатын.
Шиеленістің күшеюіне келісімдердің бұзылуы жөніндегі өзара айыптаулар себеп болды. Иран Израильдің Ливанға жасаған шабуылдары жалғасып жатқанын мәлімдесе, Тель-Авив мұны «Хезболланың» әрекеттеріне жауап деп түсіндіреді.
АҚШ Иранды Ормуз бұғазындағы кемелерге жасалған шабуылдар үшін айыптап, әскери инфрақұрылым нысандарына соққы жасауда.
Шиеленістің маңызды факторы — Иранның ядролық бағдарламасы, әсіресе жоғары байытылған уран мәселесі.

