Таразда жер сілкінісі сезілді

Еліміздің  сейсмологтары 4 шілде күні таңғы сағат 04:40-та жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісін Тараз қаласының тұрғындары сезген. Мамандардың мәліметінше, оның қарқындылығы екі балл болған.

Төтенше жағдайлар министрлігіне зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген.

Айта кетейік, бір апта бұрын дәл осындай қарқындылықтағы жерасты дүмпулері Түркістан және Жамбыл облыстарында да тіркелген болатын.

Ұқсас ақпараттар