Жол апатынан екі полицей көз жұмды

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше қайғылы оқиға 3 шілдеде болған.

«Қызметтік міндетін атқару барысында Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері көз жұмды. Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас ақпараттар