Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция капитаны қаза тапты

Түркістан қаласында қызметтік міндетін орындау барысында полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков көз жұмды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», — деп жазды министр.

Ержан Сәденовтің айтуынша, Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қажетті жан-жақты қолдау көрсетеді.

Ұқсас ақпараттар