Құрылтай сайлауына қатысатын партиялардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Орталық сайлау комиссиясы тамыздағы сайлауға 7 партияны жіберу туралы қаулы қабылдады:
«Ақжол»;
«Ауыл»;
«Әділет»;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
«Байтақ» жасылдар партиясы;
Қазақстан халық партиясы;
Respublica.
AMANAT партиясы Орталық сайлау комиссиясына ресми хат жіберді. Оған сәйкес, партия мүшелері алдағы сайлауға қатыспайды.
Айта кетері, AMANAT «Әділетке» қосылу туралы шешім қабылдаған болатын.


