Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болды

Олимпиада қола жүлдегерінің есімі Архат шағынауданындағы 7-ші көшеге берілді,  деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Қалада 150-ден астам көшеге ресми атау берілді.

Айта кетері, көшелердің біріне Денис Теннің есімі берілетіні туралы былтыр күзде белгілі болған еді.

Денис Тен — 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия ойындарының жеңімпазы.

Ол 2018 жылы Алматыда көлігінің айнасын ұрламақ болғандарды тоқтатпақ болған кезде көз жұмды.

Ұқсас ақпараттар