Ресейде бензин бағасының өсуі туралы деректер жарияланбайтын болды

Ресей билігі бензин мен дизель отыны бағасының өсуіне қатысты апта сайынғы мәліметтерді жариялауды тоқтату туралы шешім қабылдады,  деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Енді Росстат мұнай өнімдерінің тұтынушылық бағасына қатысты жедел статистиканы жарияламайды.

Жанармай тапшылығы күшейген жағдайда Ресей үкіметі мұнай өнімдерін импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, бұл ішкі нарықты тұрақтандыру және дүрбелең сұранысты төмендету үшін қажет.

Сонымен қатар Ресейде 2013 жылдан бері қолдануға тыйым салынған «Еуро-2» стандартына сәйкес келетін бензинді уақытша айналымға қайтару мәселесі де қарастырылып жатыр.

Ұқсас ақпараттар