2026 жылдың 19 сәуірінен бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының №34 шешімі негізінде өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Енді жеке пайдалануға арналған құрылғыларды елге әкелетін жеке тұлғалар жолаушылар кедендік декларациясын толтыру кезінде гаджеттің IMEI-кодын көрсетуге міндетті.
Жаңа ережелер мына құрылғыларға қолданылады:
— смартфондар мен ұялы телефондар;
— ұялы байланысқа қосылу мүмкіндігі бар планшеттер;
— ұялы байланыс желілерін пайдаланатын және жеке IMEI-коды бар өзге де құрылғылар.
Кедендік бақылаудан өту кезінде кідірістерді болдырмау үшін азаматтарға әкелінетін құрылғының IMEI-кодын алдын ала анықтап алуға кеңес берілді.


