Бибісара Асаубаеваға марапатталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға II дәрежелі «Барыс» орденін табыстады.
Бибісара Асаубаева – әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген көрнекті шахматшы. Ол блицтен үш мәрте Әлем чемпионы атанып, осы бәсекеде жеңіске жеткен ең жас шахматшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Сондай-ақ жуырда Норвегияда өткен беделді Norway Chess супертурнирінде топ жарып, тағы бір жарқын жеңісіне қол жеткізді.


