Липосакциядан кейін: Еліміздегі клиникаларда көптеген заңбұзушылық анықталды

Липосакциядан кейінгі өлім оқиғаларынан соң еліміздегі клиникаларда көптеген заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

«Өкінішке қарай, медициналық ұйымдар тарапынан көптеген заңбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, қажетті құжаттардың болмауы, мамандардың тиісті сертификаттарының жоқтығы, сондай-ақ анестезиологиялық көмектің талапқа сай әрі толық көлемде көрсетілмеуі анықталды», — деді денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Тексеру қорытындысы бойынша аталған медициналық ұйымдардың бірқатар қызметкері жұмыстан шеттетілді.

Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Ал медициналық мекемелердің лицензиясын қайтарып алу мәселесі сот тәртібімен қаралады.

«Бұл саладағы талаптарды міндетті түрде күшейтеміз. Бақылауды қатаңдатамыз. Сонымен қатар, пластикалық ота жасайтын барлық медициналық ұйымдарға кешенді тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді», — деп мәлімдеді вице-министр.

Ұқсас ақпараттар