Бастауыш сыныптардағы БЖБ мен ТЖБ алынып тастала ма?

Министрлік бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастауы мүмкін, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.

Айтуынша, министрлік бастауыш сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау және бөлім бойынша жиынтық бағалауды алып тастау мәселесін талқылап жатыр.

«2016 жылы енгізілген жүйе әрқашан көрсетілген мақсаттарға жете бермейді. Біз ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығының теріс пікірін көріп отырмыз», — деді министр.

Сондай-ақ енгізілген стандарттардың тиімділігін тексеру және қаражатты қайтару мәселелері басқа ведомстволардың құзыретінде екенін айтты.

Ұқсас ақпараттар