Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-ана жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді. Полицейлер ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері 7 бала терезеден құлап, мерт болды. Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді.


