Еуропалық Одақпен толық визасыз режим: Қазақстандықтар үшін шенген визасы жойылуы мүмкін

Қазақстандықтар үшін шенген визасы жойылуы мүмкін, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

СІМ өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, енді тараптар келісімдерге қол қоюға дайындық үшін ішкі рәсімдерді жүргізеді.

Министрлік болашақта Еуроодақпен толық визасыз режим енгізілуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Алайда алдымен визалық талаптарды жеңілдету туралы келісімге қол қойылып, содан кейін ғана визасыз режим мәселесі қаралады.

“Бұл азаматтарымыздың Еуропаға сапарларын жеңілдететін маңызды қадам болады”, – деді Жетібаев.

Ұқсас ақпараттар