Қытай АҚШ-тың 56 компаниясына шектеу қойды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Қытай АҚШ-тың қорғаныс саласымен байланысты 10 компаниясына экспорттық шектеу енгізіп, тағы 46 америкалық компанияның өнімдерін мемлекеттік сатып алудан шеттетті.
Шектеулер әскери дрон өндірушілері мен сирек кездесетін металдарға қатысты қос мақсаттағы тауарларды да қамтиды.
Бейжің бұл шешімді ұлттық қауіпсіздікті қорғау және АҚШ-тың қытайлық әскери компанияларға қарсы санкцияларына жауап ретінде қабылдағанын мәлімдеді.


