Тілсіз жау: 8 баланың анасы опат болды

Шымкенттің Қайнарбұлақ шағынауданында болған өрттен 39 жастағы көпбалалы ана Марал қаза тапты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ол жұбайымен бірге сегіз бала тәрбиелеп, отбасын асырау үшін көрпе тігумен айналысқан.

Оқиға кезінде үйде болған жеті бала дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Куәгерлердің айтуынша, 17 жастағы ұлы анасын жанып жатқан үйден алып шыққан. Алайда жасөспірімнің өзі де күйік жарақатын алған.

Қайғылы жағдайдан кейін отбасы баспанасыз әрі күнкөріс көзінсіз қалды. Қазіргі уақытта балалар туыстарының қамқорлығына алынған.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ұқсас ақпараттар