Тиісті түзетулерді жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі енгізді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Министрлік мәліметінше, жаңа ережелер 28 маусымнан бастап күшіне енеді.
Енді байланыс операторлары абоненттің растауынсыз қосымша ақылы қызметтерді қоса алмайды.
Тағы бір өзгеріс «автоқоңырауларға» қатысты. Бұрын бұл қызметтен бас тарту техникалық шектеулерге байланысты қиын болса, енді операторларға мұндай хабарлау түрін қолдануға толық тыйым салынады.
Сонымен қатар пайдаланушылар байланыс операторларының жарнамалық және ақпараттық хабарламалардан бас тарта алады.
Енді балаға SIM-картаны тек оның заңды өкілдері биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана рәсімдеуге болады. Сонымен қатар бір кәмелетке толмаған балаға тек бір ғана нөмір тіркеуге рұқсат етіледі.


