БАӘ-де жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге рұқсат жоқ

БАӘ-де 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

БАӘ Министрлер кабинеті қабылдаған жаңа ережеге сәйкес, әлеуметтік желілерді пайдаланудың ең төменгі жасы 15 жас болып белгіленді. Енді 15 жасқа толмаған балаларға жеке аккаунт ашуға және бұрыннан бар парақшаларын пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ олар әлеуметтік желілердің барлық функциясына толық қол жеткізе алмайды.

15-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді пайдалануға рұқсат беріледі, алайда бірқатар шектеулер бар. Атап айтқанда, жас ерекшелігіне сай контент сүзгіленіп, желіні пайдалану уақыты және ата-аналарға арналған бақылау құралдары ұсынылады.

Ұқсас ақпараттар