Қазақстан Ауғанстанға бидайдан бастап ЖИ-ге дейін апарды

Ауғанстан астанасы Кабулда өткен «Қазақстан — Ауғанстан» жыл сайынғы бизнес-форумына Қазақстаннан 50-ден астам компания қатысты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Астана екі ел арасындағы тауар айналымын қазіргі 541,8 млн доллардан үш миллиард долларға дейін, яғни шамамен алты есеге арттыруды көздеп отыр, деп мәлімдеді Үкімет.

Форумды Қазақстан премьер-министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Хаджи Нуриддин Азизи ашты. Кабулға аграрлық сектор, машина жасау, химия өнеркәсібі және IT саласының өкілдері келді.

Қазақстан Ауғанстанды тек өнім өткізу нарығы ретінде ғана емес, сонымен қатар Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы маңызды логистикалық хаб ретінде қарастырады. Осыған байланысты тараптар сауда көлемін арттыруға, бизнеске арналған электрондық платформаларды дамытуға және инвестиция тартуға ниетті.

Ұқсас ақпараттар