АҚШ Иранға қарсы теңіз блокадасын ресми түрде тоқтатты

Парсы және Оман шығанағындағы Иран айлақтарына қатынайтын барлық кемелерге қойылған әскери шектеулер алынды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Америкалық күштер енді Иран айлағына кіретін және шығатын кемелердің қозғалысына кедергі келтірмейді. Дегенмен АҚШ әскери-теңіз күштері өңірде қалып, қол жеткізілген келісімнің орындалуын бақылауды жалғастырады. Бұл шешім Тегеран мен Вашингтон арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандум аясында қабылданды.

Құжатқа сәйкес, АҚШ теңіз блокадасын бір ай ішінде алып тастауы тиіс.

Өз кезегінде Иран коммерциялық кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл қадам аймақтағы сауда және мұнай тасымалдардың қалыпқа келуіне ықпал етуі мүмкін.

Ұқсас ақпараттар