Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?

20 маусымнан бастап жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

ҰБТ тапсырып, мемлекеттік грант конкурсына қатыспайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап университтерге ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады.

Ал грант алуға үміткерлерден өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде талапкерлер өздері оқуға түскісі келетін білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орындарын таңдай алады. Өтініштер кез келген университеттің қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады. Сондай-ақ виртуалды қабылдау комиссиялары мен eGov арқылы онлайн тапсыруға да мүмкіндік бар.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Ұқсас ақпараттар