Иран мұнай экспортын қайта бастады

АҚШ пен Иран арасында соғысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан кейін Иран мұнайының теңіз арқылы экспорты қайта басталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

TankerTrackers ресурсының мәліметінше, Иранның бірнеше мұнай танкері АҚШ әскери-теңіз күштері бақылауындағы аймақтан шығып, халықаралық бағытқа бет алған. Бұл – соңғы екі айдағы Ираннан жөнелтілген алғашқы мұнай партиялары.

Геолокациялық деректер мен спутниктік суреттерге сүйенсек, екі ірі танкер теңізге шыққан. Олардың бортында жалпы көлемі 3,8 миллион баррельден астам қара алтын болған. Кейін тағы бір танкердің 1 миллион баррель мұнай тасымалдап бара жатқаны анықталған.

Айта кететіні, АҚШ пен Иран 14 маусымда соғысты тоқтату жөнінде келісімге келген болатын. Бітім аясында өңірде атысты дереу тоқтату көзделген.

Ұқсас ақпараттар