Дәрігерлердің қауіпсіздігін қатаң қадағалау жұмысы айрықша назарда болуға тиіс – Тоқаев

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, жиында сөз сөйледі.

Президенттің сөзінше:

Денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен;

Жаңа Конституцияда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән беріліп, ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аударылды;

Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш. Кейінгі жеті жылда 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды;

Денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам маман қызмет етеді;

Соңғы үш жылда сала мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көлемі 7 есе ұлғайды:

Дәрігерлердің қауіпсіздігін қатаң қадағалау жұмысы айрықша назарда болуға тиіс;

Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту тапсырылды;

Негізгі мәселе – білікті маман тапшылығын жою, мұның зардабын әсіресе ауылдық жерлер тартып отыр. Бұл үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек жұмысшыларын қолдау бағдарламасын әзірлеу қажет.

Ұқсас ақпараттар