Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері бейне-құрылғымен жүреді

Енді жедел жәрдем қызметкерлері даулы жағдайларды тіркейтін бейне-құрылғымен жүреді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Шымкент әкімдігінің мәліметінше, медицина бригадаларына 240 видеожетон берілген. Осылайша шаһар мұндай технологияны толық енгізген Қазақстандағы алғашқы қала болды.

Жаңашылдық дәрігерлер мен фельдшерлердің қауіпсіздігін арттырып, қызмет барысында туындайтын даулы жағдайларды объективті бағалауға мүмкіндік береді. Бастама қалалық жедел жәрдем станциясы мен Қазақтелекомның бірлесуімен жүзеге асқан. Бұған дейін құрылғылар үш ай бойы сынақтан өткен.

Бейнетіркегіштер шақырту кезіндегі оқиғаларды жазып алады, ал төтенше жағдай туындаса, жедел дабыл белгісін жібере алады. Жиналған ақпарат арнайы орталықта сақталып, өңделеді.

Ұқсас ақпараттар