Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Швецияның Гётеборг қаласында өткен Еуропалық физика олимпиадасында (EuPhO 2026) Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды.
Ұлттық құрама қоржынына 3 күміс және 1 қола медаль түсті. Күміс жүлдені астаналық оқушылар Сейтқамит Арғын мен Сабыров Мерген, сондай-ақ Қостанай облысының оқушысы Әбдіқадыр Таир иеленді. Ал қола медаль Алматы қаласының оқушысы Жоламан Абылайханға бұйырды.
Биылғы олимпиадаға әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысты.


