Алматылық дәрігерлер 9-шы қабаттан құлап кеткен қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
17 жастағы қыз көптеген дене жарақатымен ауруханаға түскен.
Басында комада болған оның аяқ-қолы ғана емес, омыртқасы мен жамбасы да сынған.
Ал асқазан, көкбауыр мен ішектің бір бөлігі кеуде жаққа қозғалып кеткен.
Дәрігерлер шұғыл ота жасап, барлық органды құрсақ қуысына қайтарды.
Травматолог дәрігері Дәулет Чукмановтың айтуынша, барлығы төрт операция жасалған.
Операциядан кейін науқас 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Ал 58 күннен кейін үйіне жіберілді.


