Елімізде үшінші ұлттық валюта пайда болмақ, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Қазақстанда цифрлық теңге ресми түрде ұлттық валютаның үшінші түрі ретінде бекітілді. Ол қолма-қол және қолма-қол емес ақшамен қатар қолданылатын болады.
Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, цифрлық теңгеге арналған құқықтық база дайындалып, ел экономикасына кеңінен енгізу жоспары бекітілген.
Өткен жылы Ұлттық банкпен бірге 20-ға жуық пилоттық жоба іске қосылып, оң нәтиже берген.
Енді цифрлық теңге кезең-кезеңімен енгізіледі. Алдымен бюджеттік жобаларда, кейін Үкімет анықтайтын басқа да негізгі салаларда қолданылады.

