Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгеріске қол қойды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Енді қылмыстық жауапкершілік пара алу және беру үшін ғана емес, сонымен қатар пара беруге уәде ету, оны ұсыну немесе бопсалау үшін де қарастырылған. Жеке тұлғаларға қатысты әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша талап қою мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылды.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік өкілеттіктерін жеке мақсаттарына пайдалануға тыйым салынды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу қолданылатын адамдардың тізімі кеңейтілді.
Сондай-ақ туыстық байланыстарға қатысты жаңа ережелер енгізілді: бір мемлекеттік органда басшының жиендері, жезделері, бажалары, қайын інілері және күйеу балалары бірге жұмыс істей алмайды.

