АҚШ пен Иран келісімге келуге жақын

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Исламабадта әзірленген өзара түсіністік туралы меморандум келісілуге жақын екенін айтты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Министр бұл үдеріс толық аяқталғанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарын «құжаттың мазмұнына қатысты түрлі жорамалдар мен алыпқашпа әңгімелерден аулақ болуға» шақырды.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иранмен ықтимал келісім туралы БАҚ-та таралып жатқан ақпараттың көп бөлігі шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

«Бұғазды ашу және Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын тоқтату жөніндегі ықтимал келісім туралы көптеген жалған ақпаратты оқыдым. Біріншіден, Иран ешқандай қаржы алмайды және келісімге қол қойғаны немесе кездесуге қатысқаны үшін ешқандай қаражат бұғаттан шығарылмайды», – деп жазды ол желіде.

Ұқсас ақпараттар